Маңғыстау облысы
«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі –студенттер, оқытушылар, жұмыс берушілер және тағы басқа қызығушылық білдіргендер үшін актуалді білім беру жүйесі қалыптасқан, ақпараттық ортасы ашық және заманауи инфра құрылымды білім беретін оқу орны.
Колледж мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның талаптарына бағытталған даму жүйесі болып табылады. Бұл колледждің білім беру сапасын үнемі жетілдіріп, еңбек нарығының талаптарына бағытталған негізгі даму тенденциясын анықтайды. Колледж үшін сапаны жетілдіру – бұл дамудың синонимі, жаңарта дамыту.
«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі өз қызметін
2008 жылдың 22 мамыр айынан бастады.
Колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруда. Колледж біздің өңірдің тұрғындарының білім саласы мамандарын дайындау сұранысын қамту мақсатында құрылды. Колледж қызметінің негізіне – актуалдылық, динамикалық, жаңашылдық, бәсекеге қабілеттілік, даму принциптері қойылды.
Колледжде он төрт жыл бойы – мектепке дейінгі тәрбие, педагогика, халыққа қызмет көрсету, ландшафт дизайны, көпшілік тұтынатын тауарлар мен бұйымдар технологиясы – бағыттары бойынша мамандар дайындалуда.
Колледжді осы жылдар ішінде
2873 орта буын маманы бітіріп шықты. Колледж
8 мамандық бойынша лицензияға және
13 біліктілік бойынша лицензияның қосымшасына ие.
№ |
шифрі |
Мамандық |
№ |
шифрі |
Біліктілік |
1 |
01120100 |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
|
1 |
3W01120101 |
Тәрбиешінің көмекшісі |
2 |
4S01120102 |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі |
|
2 |
01140100 |
Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі |
3 |
4S01140101 |
Бастауыш білім беру мұғалімі (қазақ, орыс тобы, орта білім тобы) |
4 |
4S01140102 |
Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі |
3 |
01140500 |
Дене тәрбиесі
және спорт |
5 |
4S01140501 |
Дене тәрбиесі мұғалімі |
4 |
01140700 |
Информатика |
6 |
4S01140701 |
Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі |
5 |
07230100 |
Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу |
7 |
3W07230101 |
Тігінші
|
|
|
|
8 |
3W07230105 |
Модельер-пішуші
|
|
|
|
9 |
4S07230107 |
Техник-технолог |
6 |
10130100 |
Қонақ үй бизнесі |
10 |
3W10130101 |
Әкімші |
|
|
|
11 |
4S10130104 |
Супервайзер |
7 |
01140100 |
Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі |
12 |
5AB01140101 |
Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры |
8 |
01140200 |
Дене тәрбиесі және спорт |
13 |
5AB01140201 |
Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры |
Колледждің іс-әрекеті, қызметінің нәтижесі негізінде бітіруші түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін, қажетті кәсіби және әлеуметтік құзіреттілікті игерген, білікті, жеке тұлға ретінде азаматтық, рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасқан, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын және көрсете білетіндігін көріп келеміз.
Барлық оқытылатын мамандықтар бойынша, біліктілік талаптарға сай келетін, материальдық-техникалық база толықтай қамтылған деп есептейміз.
Материальдық-техникалық базаны жаңғыртып отыру, толықтыру, оқу процесін үнемі тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кітапхананы электронды оқулықтармен жабдықтау, кабинеттерді интерактивтік жабдықтармен қамту, кітапхананың электрондық каталогын жасақтау, оқу-тәрбие процесін жетілдіру болып табылады.
Ұжымның қалыптасуы
10 штаттық оқытушыдан басталды. Қазіргі таңда оқытушылар саны
36 штаттық қызметкер, оның ішінде жоғары және бірінші біліктілік санатты –
12 оқытушы, педагог-зерттеуші –
5 оқытушы; педагог-сарапшы-
3 оқытушы,
3 оқытушы магистр болса, бір қызметкер PhD ғылымдарының докторы.
2022-2023 оқу жылында оқытушылардың біліктілік сапасы –
57% құрайды.
2009 жылдан бастап колледж мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту үшін конкурстарға қатысуда. Жылдан-жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан студенттер саны өсуде. Соңғы
3 жыл ішінде
82 % бастап 100 % дейін өсті.
Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқып жатқан студенттер үлесі мен санының динамикасы диаграммада көрсетілген.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан студенттер үлесі
Колледждің білім беру қызметінің сұранысқа ие болуы мен жұмысының тиімділігінің көрсеткіші түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштер болып табылады. Соңғы 5 жылда жұмысқа орналастырылған түлектер көрсеткіші
2020 ж.- 83%; 2021 ж. -83,3%; 2022 ж. — 85% — ға жетті.
Колледж басшылығының тәжірибесін, колледждің дамуы қорытындыларын ескере отырып, колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, еуропалық және халықаралық тәжірибе стандарттарына сәйкес, білім беру сапасын жақсарту және жетілдіру, өзгеріп отыратын сыртқы ортаның талаптарын қамтамасыз ету мақсатында
институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өту туралы шешім қабылданып,
2017 жылдың 30 қазан — 02 қараша аралығында «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» мекемесі аккредиттеуден өткізді. Колледж
«жақсы» бағаға ие болды.
2021 жылдың 28-29 сәуір күндері колледждің білім-тәрбие беру процесі
институционалды аккредиттеуден екінші рет ойдағыдай өтіп «жақсы» деген бағаға ие болды.
Колледжде 2012-2013 оқу жылынан бастап дуальды оқыту жүйесінің элементтері енгізілді. Казіргі таңда дуальды оқыту жүйесі бойынша
17 топта барлығы
394 студент білім-тәрбие алуда.
Оқуға қабылданған студенттер үшін (I-V курс топтары) Жаңаөзен қалалық білім бөліміне қарасты қаламыздағы және қала маңы елді мекендердегі мектептері және балабақшалармен, «Жаңарыс» тігін фабрикасымен өндірістік тәжірибелерді ұйымдастырып өткізуге арналған үш жақты келісім-шарттар жасалды. Дуальдық оқыту жүйесі бойынша келісім-шарттар саны-
28.
Оқыту барысында әлеуметтік серіктестерден басқа колледж жанынан
тәжірибелік алаңдар ашылып, жасақтады, ол алаңдар өз деңгейінде еңбек етуде.
«Каспий» балабақшасы, «Каспий» спорткешені, «Каспий» зияткерлік мектеп-бақшасы, аталған мамандықтар бойынша
тәжірибелік алаң болып есептеледі.
Ғылыми-әдістемелік қызмет колледж оқытушылары құрамының инновациялық процестерге дайындығын жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін, айқындайтын факторлардың бірі болып табылады.
Колледжде
модульдік – кредиттік технологияға негізделген білім беру бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кадрларды даярлауда қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, серіктес мекемелердің қатысуымен, модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде дайындалды.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны, бір жағынан, еңбек саласындағы өзгермелі жағдайға бейімделуге, екінші жағынан, кәсіби өсу мен білім алуды жалғастыруға қабілетті болашақ мамандардың кәсіптік құзыреттілігінің қалыптасуына бағытталған.
Сонымен қатар техникалық және кәсіптік білім беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
27.09.2018ж. № 500 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын бекіту туралы» бұйрығына,
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 362 бұйрығына сәйкес,
(МЖБС) жалпы талаптары, сондай-ақ оған қоса тіркелген ҚР Білім және ғылым
министрінің 15.09.2021 № 469 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес,
оқу жоспарлары мен
Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 08.06.2017 ж. №133 бұйрығының қосымшасына сәйкес
«Педагог» кәсіптік стандартында белгілеген біліктілік деңгейлері бойынша білім, білік, дағдылар мен құзыреттерге қойылатын талаптар бойынша дайындалды.
Олар «Талап» КЕАҚ реестріне тіркелді.
- 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3W01120101 – Тәрбиешінің көмекшісі; 4S01120102 — Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі біліктіліктері;
- 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4S01140101 — Бастауыш білім беру мұғалімі (негізгі орта білім базасында, қазақ тобы), 4S01140101 — Бастауыш білім беру мұғалімі (негізгі орта білім базасында, орыс тобы), 4S01140102 — Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі біліктіліктері;
- 01140500 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 4S01140501 – «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігі.
Жалпы орта білім базасында дайындалған бакалавр мамандықтарының паспорттары «Талап» КЕАҚ реестрге енгізілуде.
- 01140100 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 5AB01140101 – «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры» біліктілігі;
- 01140200 – «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 5AB01140201 – «Дене тәрбиесі қолданбалы бакалавры» біліктілігі.
Колледжде жеке тұлғаны әлеуметтендіру үшін жағдай жасалған және студенттермен тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен көшбасшы тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Оған дәлел ретінде колледж студенттерінен құрылған
«Жастар» ұйымын айтуға болады. Студенттердің жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының іс-шаралары өткізіледі. Колледждің ұлдар және қыздардан құралған КТК командалары республикалық, өңіраралық және облыстық жарыстарда жүлделі орындар иеленіп жүр.
Колледжде белсенді спорттық өмір қалыптасқан. Студенттер арасында түрлі спорттық сайыстар өткізіледі. Колледж студенттері колледждер арасында қалалық және облыстық деңгейдегі бәсекелестік, спартакиадалардың белсенді қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.
Колледж басшылығы және педагогикалық қызметкерлер өздерінің алғашқы жылдарынан бастап білім беру, мәдени, спорттық және шығармашылық бағыттарда түрлі іс-шараларға белсенді қатысушылары болуға ұмтылды.
Студенттер үшін бұл олардың әлеуетін жақсарту, кәсіптік даярлығын әрқашан көтеру мүмкіндігі болып табылады. Олардың жеткен жетістіктері колледж табысы.
Оқу-өндірістік практиканың мақсаты — студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибе жинақтау арқылы тереңдету, бекіту және мамандықтарына байланысты іскерлік дағдыларды қалыптастыру болса, оқу-өндірістік бөлім бойынша өз мақсатыма жеткенімді келесі мәлімдемеден көруге болады.
Облыстық көлемде өткізілетін әр түрлі шараларға колледжіміздің студенттері белсенді қатысады. Оқу орнымыздың тарихына енген жетістіктерімізді атап айтар болсақ:
«WorldSkills» чемпионатының мақсаты — бүкіл әлем бойынша жұмысшы мамандықтарды дәріптеу, кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру болып табылатын жаһандық қозғалыс. Чемпионат білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер жасауға, кәсіби білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Осы орайда
2020 жылдың қазан айының 14-23 күндері аралығында облыс орталығында карантин шараларын қатаң сақтай отырып, онлайн режимде, «Worldskills Kazakhstan-2020» республикалық чемпионатының өңірлік кезеңі өтті. Аталған чемпионатқа колледжден
5 құзыреттілік бойынша сүйікті мамандықтарын ары қарай шыңдауға және кәсіби шеберлікке икемділіктерін көрсетуге
9 студент бақ сынап қатысып, колледж қоржынын 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль, 2 студент
«Үздік маман» медальдарымен толтырды.
«Worldskills Aktau-2020» чемпионатында 2020 жылғы 25-30 маусым аралығында өткен құзыреттіліктер бойынша «Skills Camp» онлайн жаттығу лагерінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша өзін жоғары деңгейден көрсеткені үшін Оразғалиева Әсемай, «Worldskills қозғалысын білу» тақырыбы бойынша QUIZ-викторинада
I орын алған Қуанов Маңғыстау марапатталды.
«Worldskills Aktau-2020» чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген студенттеріміз:
Алтын медаль – Турашева Диляра Талғатқызы, «Дене тәрбиесі және спорт» құзыреттілігі, жетекшісі Ильясов Мақсат Имамединович;
Алтын медаль – Ниязбаева Аселхан Худайбергеновна, «Ландшафты дизайны» құзыреттілігі, жетекшісі Сагырбаева Маржанай Кенжегалиевна;
Алтын медаль – Мусалимова Асем Айболқызы, «Флористика» құзыреттілігі, жетекшісі Сагырбаева Маржанай Кенжегалиевна;
Күміс медаль — Оразғалиева Әсемай Өтемісқызы, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі, жетекшісі Шакенова Гульжан Абдимукаровна;
Қола медаль — Тулегбердыева Жұлдыз Нұрлыбекқызы, «Бастауыш білім беру» құзыреттілігі, жетекшісі Джумагамбетова Зоя Султанбаевна;
Үздік маман (медальон) – Серикбаева Айгерим Қобланқызы, «Ландшафты дизайны» құзыреттілігі, жетекшісі Сагырбаева Маржанай Кенжегалиевна;
Үздік маман (медальон) – Мубашева Шынар, «Флористика» құзыреттілігі, жетекшісі Сагырбаева Маржанай Кенжегалиевна.
2021-2022 оқу жылында Маңғыстау облысында техникалық бағыттар үшін жұмысшы кадрларды даярлау, дуальды жүйесін құру жобасын іске асыруға қатысатын кәсіпорындар тәлімгерлерінің
«Үздік тәлімгері» байқауына серіктес мекеме
«Ай-Наз» жекеменшік балабақшасы тәлімгері Ақназарова Бактыгүл мен колледждің 4МДТ-18 тобы студенті
Ізтілеуова Айдана қатысып, облыстық байқаудан
1-орынды жеңіп алды.
Қараша айында өткен
«WorldSkills Kazakhstan 2021» республикалық чемпионатында
«Флористика» құзыреттілігі бойынша 4Дизайнер-18 тобы студенті Мусалимова Асем
күміс жүлде иегері атанды. Маусым айының 7-10 аралығында жұмысшы мамандығының «Worldskills Kazakhstan 2022» кәсіптік шеберліктің республикалық чемпионатының Маңғыстау облысы өңірлік кезеңі өткен болатын.
Бұл чемпионатта
жеңіс тұғырынан көрінген студенттеріміз:
Алтын медаль – Ізтелеуова Айдана Төреханқызы, «Мектепке дейінгі тәрбие» құзыреттілігі, жетекшісі Шакенова Г.А.
Алтын медаль – Изкенов Айдын Ерсайынұлы, «Дене шынықтыру және спорт» құзыреттілігі, жетекшісі Ильясов М.И.;
Алтын медаль – Хасанова Ақтілек Кулбекқызы, «Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі, жетекшісі Джумагамбетова З.С.
Үздік маман (медальон) – Исакова Айдана Махмудовна, «Тәлімгерлік қызмет» құзыреттілігі, жетекшісі Хайруллаева А.Б.;
Үздік маман (медальон) – Шорабатыр Аяулым, «Тәлімгерлік қызмет» құзыреттілігі, жетекшісі Хайруллаева А.Б.
Аты аталған, жүлделі орындарға ие болған колледж студенттері 2022 жылы қараша айында өтетін республикалық байқауға жолдама алды.
Кітапхана бөлімі
2022 жылға мерзімдік басылымдардың
72 атауын жаздырып алуда, оның
68 -і мемлекеттік тілде. Кітап қорын толықтыру колледж қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Кітапханаға қорында барлығы
29588 дана оқулық бар, оның 3125-і оқу-әдістемелік құралдар, 15009 -і арнайы пәндер оқулықтар қоры, 8251-і жалпы білім беретін оқулықтар қоры, 2803-і көркем әдебиет қоры, 400-і электронды оқулықтар қоры.
2022-2023 оқу жылы бойынша күндізгі оқу бөліміне
175 студент (оның барлығы мемлекеттік тапсырыс негізінде) қабылданды.
14 жыл ішінде
төрт оқу ғимараты іске қосылды:
«Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі – 2008 жылы; «Каспий» шағын бала-бақша орталығы – 2010 жылы; «Каспий» спорт кешені» — 2012 жылы; «Каспий» зияткерлік мектеп-бақшасы — 2017 жылы.
Колледжде оқытылытан мамандықтардың өндірістік тәжірибеден өтетін базалық мекемелері болып Жаңаөзен қаласының білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер болып табылады.
Казіргі таңда «Каспий» колледжінде барлығы
61 маман еңбек етіп,
633 студентке білім –тәрбие берілуде; «Каспий» бала-бақша орталығында барлығы
12 маман еңбек етіп,
58 бала білім-тәрбие алуда, «Каспий» зияткерлік мектеп-бақшада барлығы
20 маман еңбек етіп,
80 оқушыға білім-тәрбие берілуде.
Сонымен үш оқу орны бойынша барлығы
93 адам жұмыспен қамтылып,
771 бала білім – тәрбие алуда.
Казіргі таңда колледждің сырты ғимараты күрделі жөндеуден өтуде.
Колледждің қаражаттық жағдайы тұрақты. Жеткізушілермен есептесуде кредиторлық қарызы, еңбек ақы төлеу бойынша, салық бойынша қарызы жоқ.
Колледж басшылығының тәжірибесін, колледждің дамуы қорытындыларын ескере отырып, колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, еуропалық және халықаралық тәжірибе стандарттарына сәйкес, білім беру сапасын жақсарту және жетілдіру, өзгеріп отыратын сыртқы ортаның талаптарын қамтамасыз ету мақсатында аттестациядан өту туралы шешім қабылданды.